04.02.2016, 14:58 3376

Қазақстан арқылы өтетін халықаралық пойыздарға жеӊілдіктер

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Қазақстан аумағы арқылы Тәжікстаннан Ресейге қатынайтын халықаралық пойыздарға жеӊілдіктер жарияланғаны жөнінде хабарлайды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қазақстан аумағы арқылы Тәжікстаннан Ресейге қатынайтын халықаралық пойыздарға жеӊілдіктер жарияланғаны жөнінде хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылдыӊ 10 ақпаны мен 22 желтоқсаны аралығында сатып алу мерзіміне (ұзақтығына) байланысты барлық санаттағы вагондарға төмендегідей жеӊілдіктер бекітілді:

-жол жүру құжатын 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін алдын ала сатып алған жағдайда 58% жеӊілдік;

-жол жүру құжатын 30 тәуліктен 21 тәулікке дейін алдын ала сатып алған жағдайда 52% жеӊілдік;

-жол жүру құжатын 20 тәуліктен 5 тәулікке дейін алдын ала сатып алған жағдайда 46% жеӊілдік.

Аталған жеӊілдік Қазақстан аумағы арқылы Тәжікстаннан Ресейге қатынайтын халықаралық пойыздарға ғана жарайды және мемлекетішілік (бір мемлекет аумағындағы) маршруттарда, сондай-ақ бір топ жолаушылар бірге билет алған жағдайда бұл жеӊілдіктер қолданылмайды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны