17.09.2015, 13:00 3816

Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ арсеналын жаӊа мина-тартқыш кораблі толықтырады

Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ жарақтандыруына жаӊа миналық-тартқыш кораблі келіп түседі. Корабль Невск кеме құрастыру зауытынан (Санкт-Петербург қ.) келеді және жоспар бойынша қыркүйектіӊ аяғында суға жіберіледі

Астана. 17 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ жарақтандыруына жаӊа миналық-тартқыш кораблі келіп түседі. Корабль Невск кеме құрастыру зауытынан (Санкт-Петербург қ.) келеді және жоспар бойынша қыркүйектіӊ аяғында суға жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ҚК Искери-теӊіз күштері бас қолбасшысы басқармасыныӊ айтуынша, корабль базалардыӊ, кемежайлардыӊ, кеме жолдары мен жаға маӊыныӊ су айдындарын минаға қарсы қорғау үшін арналған. Ол кіріктірілген шағын габаритті навигация және тұрақтандыру жүйесімен, корабльді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету кешенімен, спутниктік навигациялық жүйелерді қабылдау аппаратурасымен, жаһандық теӊіз байланысы жүйесініӊ, радиотрансляция және бақылау аппаратурасымен жабдықталған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сонымен бірге, кеменіӊ жаппай жою қаруынан қорғау қасиеттері, әмбебап су және магниттік қорғау жүйелері, химияға қарсы желдеткіші мен жарақтандыруда атысты автоматтандырылған басқару жүйесі бар АК-306 штаттық артиллериялық кешені, 12,7 мм оқшашары және тартқыш қару-жарағы бар.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК ИТК жарақтандыруында қазіргі заманғы зымыран-артиллериялық корабльдері, шағын күзет кемелері мен катерлері тұр. Аталған мина-тартқыш кораблі осы арсеналды толықтырады, оны іске қосу қазақстандық Искери-теӊіз күштерініӊ жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны