23.07.2015, 15:03 3284

Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ жауынгерлік корабльдері теӊіз биатлонына қатысуға жолға шықты

Бүгін "Орал" және "Сарыарқа" екі зымыран-артиллериялық кораблі теӊізге шығады. Олар "Каспий теӊізі - 2015" бірінші халықаралық байқауға қатысу үшін тікелей Каспийдіӊ ресей су айдындарына жүзетін болады.

Астана. 23 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін "Орал" және "Сарыарқа" екі зымыран-артиллериялық кораблі теӊізге шығады. Олар "Каспий теӊізі - 2015" бірінші халықаралық байқауға қатысу үшін тікелей Каспийдіӊ ресей су айдындарына жүзетін болады. Жауынгерлік корабльдердіӊ экипаждары кешке жолға шығады, 160 теӊіз милясын еӊсеріп, ертеӊ Махачкала қаласыныӊ портында Каспийдіӊ ресей жағалауларында болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазір соӊғы дайындықтарды аяқтаудамыз. Ауа райы жағдайы мен экипаждыӊ жалпы дайындығы алдағы жүзуге оӊ дем беруде. Шынымды айтсам, біз байқаудан дәмеліміз. Оған ұзақ дайындалдық. Біз үшін ол тыӊ дүние, іс жүзінде мүмкіндіктерімізді сынап, қосымша практикалық тәжірибе жинақтаймыз" - деді "Сарыарқа" кораблініӊ командирі капитан-лейтенант Рустам Жүнісов. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Каспий теӊізі - 2015" халықаралық байқауы каспий маӊы елдері Искери-теӊіз күштерініӊ алғашқы сайысы. Ол 1 тамызда бастау алып, 15 тамызда аяқталады. Теӊіз биатлонында елімізді "Орал" және "Сарырқа" отандық зымыран-артиллериялық корабльдерініӊ экипаждары, сондай-ақ теӊіз жаяу әскерініӊ бригадасы ұсынатын болады.

Теӊіз биатлоны үш кезеӊнен тұрады. Біріншісі - "Каспийлік құнан жарысы". Мұнда теӊіз жаяу әскері бөлімшелерініӊ әскери қызметшілеріне берілген бағдарды барынша жылдам өту, теӊізде және жағалауда нысаналарды сәтті жою қажет.

"Каспий кубогы" атты екінші кезеӊге төрт елдіӊ суүсті корабльдерініӊ экипаждары қатысады. Олар берілген бағдар бойынша шеӊберді айналады, шағын өлшемді теӊіз және әуе нысаналарын, жүзбелі миналарды жою бойынша жауынгерлік жаттығуларды орындайды. Кейіннен корабльді зәкір тұрағына көшіруді, зәкірге қоюды, өрнектеу жалауларын қолдана отырып, белгілерді қабылдау-таратуды жүзеге асырады. Содан кейін экипаждарға корабльдіӊ "апатқа төзу" координаталары беріледі. Қатысушыларға оқиға орнына келу, жолаушыларды құтқару және бортқа көтеруді жүргізу қажет етіледі.

Үшінші кезеӊ - "Спорттық". Искери қызметшілердіӊ дене даярлығын айқындауға бағытталған. Теӊіз жаяу әскері бөлімшелері мен суүсті корабльдері экипаждарыныӊ жеке құрамына 100 метрге еркін стильде жүзу, гір спортында сайысу, бөлімше құрамында 5 шақырымға жүгіру, арқан тарту секілді нормативтерді тапсыру қажет.

Барлық үш кезеӊ нәтижелері бойынша үздіктер медальдармен марапатталады, жеӊімпаздар командалық сынақта бірінші орын кубогын алатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны