25.07.2018, 23:10 3457

Қазақстан астанасы алғаш рет хор өнерініӊ үздіктерін жинайды

2018 жылдыӊ 10-11 қазанында бес континенттен жиналып, әртүрлі діндер мен конфессияларды білдіретін 500 әртіс келеді. Алғашқы рет Бейбітшілік және Келісім сарайыныӊ сахнасында бірыӊғай шығармашылық ырғағында соғыссыз және терроризмсіз бейбітшілік үшін ән айтылады.

Астана. 25 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлігі және "Қазақстан хор дирижерлері" республикалық қоғамдық бірлестігі Елорданыӊ 20 жылдығы аясында ауқымды музыкалық жоба - "Астана -Илем дауысы" халықаралық фестивалін ұйымдастыруда.

2018 жылдыӊ 10-11 қазанында бес континенттен жиналып, әртүрлі діндер мен конфессияларды білдіретін 500 әртіс келеді. Алғашқы рет Бейбітшілік және Келісім сарайыныӊ сахнасында бірыӊғай шығармашылық ырғағында соғыссыз және терроризмсіз бейбітшілік үшін ән айтылады.

Алдағы фестиваль "Діндердіӊ көшбасшылары қауіпсіз әлем үшін" тақырыбына арналған дүниежүзілік және дәстүрлі діндердіӊ көшбасшыларыныӊ VI Съезді шеӊберінде өтеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен ұйымдастырылған Съезд бейбітшілік, келісім және төзімділік орталығы ретінде Астана мәртебесін нығайтуда маӊызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлігі музыка сүюшілер 20 әлем елдері - АҚШ, ОАР, Израиль, Мажарстан, Түркия, Болгария, Ресей, БеларусьРеспубликасы, Грузия, Изірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шри-Ланка, Индонезия, ҚҰР, Қазақстан және басқа елдерден келген өлеӊ ұжымдарыныӊ өнерін тамашалай алатынын хабарлайды.

"Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ қатысуынсыз және қолдауынсыз орын алмаушы еді. Фестиваль кезінде музыканыӊ әртүрлі жанрлары мен әртүрлі бағыттарымен таныса аласыз, бір сөзбен айтқанда, сіздерді үлкен музыка мерекесі күтеді. Фестиваль әндері әртүрлі тілдерде орындалатынына қарамастан адамдарға бір бірін жақсы түсінуге көмектесетініне сенімдімін",- деді жоба авторы, Қазақ Ұлттық өнер университетініӊ профессоры, "Қазақстан хор дирижерлері" РҚБ Кеӊес төрайымы Гүлмира Кұттыбадамова.

Бейбітшілікті қолдау үшін музыка мерекесі әлем деӊгейіндегі дирижерлар мен атағы шыққан халықаралық сыйлықтардыӊ лауреаттары - композитор және орындаушы Амикаэла Гастон (АҚШ), дирижерлар - Габор Холлерунг (Мажарстан), Зимфира Полоз (Канада), ҚР еӊбегі сіӊген қайраткері Бейімбет Демеуов, Гүлмира Құттыбадамова және басқалардыӊ қатысуымен өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны