15.09.2015, 17:33 3906

Қазақстан ИТК әскери теӊізшілері АҚШ-тыӊ әскери базасында тағылымдамадан өтуде

Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ әскери қызметшілері капитан-лейтенант Айбек Жұманов пен 3-дәрежелі старшина Тұмарбек Көшкінбаев АҚШ-қа тағылымдамадан өтуге жіберілді. Екі аптаға созылатын курс Бахрейндегі АҚШ Искери-теӊіз күштері 5-ші флотыныӊ бас жедел базасында өтеді

Астана. 15 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ әскери қызметшілері капитан-лейтенант Айбек Жұманов пен 3-дәрежелі старшина Тұмарбек Көшкінбаев АҚШ-қа тағылымдамадан өтуге жіберілді. Екі аптаға созылатын курс Бахрейндегі АҚШ Искери-теӊіз күштері 5-ші флотыныӊ бас жедел базасында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мұнда әскери теӊізшілеріміз жауынгерлік корабльде өздерініӊ шетелдік әріптестерініӊ жұмысын бақылайды, білімдері мен әдістемелерін көрсетеді, тәжірибе алмасады.

"Біз АҚШ әскери-теӊіз флотыныӊ теӊізшілері қалай жұмыс істейтінін, суасты әскери корабльдер экипаждарыныӊ күнделікті қызметі, олардыӊ жауынгерлік және дене даярлығы, сондай-ақ суға шығулары қалай ұйымдастырылғанын қадағалаймыз. Біздіӊ әрі қарайғы қызметімізде пайдалы болатын қажырлы тәжірибе алмасу", - деп білемін деді капитан-лейтенант Айбек Жұманов.

ҚР ҚК Искери-теӊіз күштері бас қолбасшысы басқармасыныӊ айтуынша, мұндай курстардыӊ шынайы оӊ нәтижелері болады. Осыған байланысты, халықаралық ынтымақтастықтыӊ ауқымын кеӊейте отырып, Қазақстан мен өзге де елдердіӊ әскери теӊізшілерініӊ бірлескен дайындық практикасын жалғастыру жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны