26.06.2009, 16:00 2813

Қазақстан аумағында ағымдағы жылдың бес айында табиғи және техногендік сипаттағы оқыс оқиғалардың саны 20,6%-ға азайды - ТЖМ

Қазақстан аумағында ағымдағы жылдың бес айында табиғи және техногендік сипаттағы оқыс оқиғалардың саны 20,6%-ға азайды - ТЖМ

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан аумағында ағымдағы жылдың бес айында табиғи және техногендік сипаттағы оқыс оқиғалардың саны 20,6%-ға азайды. Бұл туралы 2009 жылдың 25 маусымында Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың төрағалығымен өткен Төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу жөніндегі мекемеаралық мемлекеттік комиссияның отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, орталық және жергілікті деңгейдегі мекемеаралық ықпалдастық Қазақстан аумағында ағымдағы жылдың бес айында табиғи және техногендік сипаттағы оқыс оқиғалардың санын 20,6%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Соның ішінде ірі жол апаттары, зардап шеккендер саны 8,3 есе, қаза тапқандар 25,5%, материалдық шығын көлемі 16 млрд теңгеге азайды.

Жалпы алғанда ТЖМ мәліметінше, 2008 жылы және ағымдағы жылдың 5 айында ТЖМ-нің шұғыл қызметтері апаттан құтқару жұмыстарына 80 мыңдай мәрте шақырылып, 17 мыңнан астам адамды құтқарып, 21 мыңдай адамды көшіріп, зардап шеккен 1050 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Үкіметтің резервінен 2009 жылғы көктемгі тасқынның зардаптарын жоюға Шығыс Қазақстан облысына 451,5 млн теңге бөлінді, ол Өскемен және Риддер қалаларының, облыстық бес облысының аумағындағы 15 өзеннің арналарының жағалауын бекіту, реттеу және түзетуге жұмсалды. В. Петровтың айтуынша, осындай шаралардың арқасында елдімекендердің су ішінде қалу қаупі жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны