28.01.2015, 21:30 4462

Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

28 қаӊтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 14.08-де жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - 28 қаӊтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 14.08-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетініӊ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесініӊ сейсмикалық стансалар желісі тіркеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Тербеліс кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 567 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орын алған. Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы 9.5 болса, магнитудасы - MPV 4,5, ал тереӊдігі 15 шақырым.

Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны