28.01.2016, 19:15 5093

Қазақстан ауруханаларында тұмаудан 115 адам емделді

Жыл басынан бастап республиканыӊ тәулік бойғы стационарларына "Тұмау" диагнозымен 201, ЖРВИ-мен 12 мыӊ 669 адам жатқызылды. 27 қаӊтардағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 115, ЖРВИ-дан 8 мыӊ 643 пациент емделді. Қазіргі таӊда ауруханаларда "Тұмау" диагнозымен 86 адам емделуде.

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жыл басынан бастап республиканыӊ тәулік бойғы стационарларына "Тұмау" диагнозымен 201, ЖРВИ-мен 12 мыӊ 669 адам жатқызылды. 27 қаӊтардағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 115, ЖРВИ-дан 8 мыӊ 643 пациент емделді. Қазіргі таӊда ауруханаларда "Тұмау" диагнозымен 86 адам емделуде. Сырқаттанған адамдардыӊ жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ бақылауына алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстанныӊ медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердіӊ кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарыныӊ (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканыӊ 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған.

Сонымен бірге, республиканыӊ барлық аймақтарында ЖРВИ мен тұмауды ерте кезеӊде анықтау мақсатында аулалық тексерулер ұйымдастырылды. Жедел медициналық көмектіӊ қосымша бригадалары құрылып, емханаларда қосымша телефон желілері ұйымдастырылды. ҚР ДСИДМ мамандары аурудыӊ деӊгейіне күнделікті бақылау жүргізіп отыр.

Қазақстанда аурудыӊ алдын алу мақсатында эпидемиологиялық маусым басталмай тұрып тұмауға қарсы вакциналау жүргізілетінін атап айту керек. 2015 жылғы қазан мен қараша айларыныӊ аралығында 1 млн. 700 мыӊ адам, оныӊ ішінде жалпы республика тұрғындарыныӊ 10%-ын құрайтын осал топ өкілдері (созылмалы өкпе, жүрек-қантамырлық ауруларымен сырқаттанған, иммунитет тапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер және т.б.) егілді.

ҚР ДСИДМ күз-қыс уақытында жеке қорғану құралдарын қолдануға - бір рет пайдаланатын маскалар, оны әрбір 3 сағат сайын ауыстырып тұруға; аурудыӊ бірінші белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралуға; тағайындалған дәрі-дәрмектерді қолдану режимін сақтауға; гигиеналық ережелерді сақтау - жиі қол жуу; адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға; өздігінен емделмеуге кеӊес береді.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетініӊ мәліметі бойынша, 27 қаӊтардағы ақпаратқа сәйкес, эпидемиологиялық маусымныӊ басынан бастап (2015 жылдыӊ 1 қазанынан) тұмаудыӊ 493 зертханалық дәлелденген жағдайы мен 284 мыӊнан астам ЖРВИ тіркелген. Жалпы алғанда, елімізде ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану ұйғарынды көрсеткіштен асқан жоқ, сонымен қатар, 2015 жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда төмен болып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны