25.01.2016, 21:46 4437

Қазақстан ауруханаларында тұмаудан 23 адам емделіп шықты - ҚР ДСИДМ

Жыл басынан бастап республиканыӊ тәулік бойғы стационарларына "Тұмау" диагнозымен 116, ЖРВИ-мен 10 мыӊ 269 адам жатқызылды

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жыл басынан бастап республиканыӊ тәулік бойғы стационарларына "Тұмау" диагнозымен 116, ЖРВИ-мен 10 мыӊ 269 адам жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

24 қаӊтардағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 23, ЖРВИ-дан 4 мыӊ 246 пациент емделіп шықты. Бүгінгі таӊда ауруханаларда "Тұмау" диагнозымен 93 адам ем қабылдауда. Сырқаттанған адамдардыӊ жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ бақылауына алынды, деп хабарлайды аталған ведомствоныӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Қазақстанныӊ медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердіӊ кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарыныӊ (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканыӊ 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған.

Сонымен бірге, республиканыӊ барлық аймақтарында ЖРВИ мен тұмауды ерте кезеӊде анықтау мақсатында аулалық тексерулер ұйымдастырылды. ҚР ДСИДМ мамандары аурудыӊ деӊгейіне күнделікті бақылау жүргізіп отыр", - деп жазылған хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны