10.09.2015, 15:46 4043

Қазақстан азаматы Дубайда лотереядан $1 млн. ұтты

Қазақстанда миллионерлердіӊ қатары бір адамға толықты. Жерлесіміз Омар Самаликов Dubai Duty Free сауда дүкені өткізетін лотереяда ұтты

Астана. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда миллионерлердіӊ қатары бір адамға толықты. Жерлесіміз Омар Самаликов Dubai Duty Free сауда дүкені өткізетін лотереяда ұтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бастапқыда Дубайда бұл бір реттік қана ұтыс ретінде өткізілмек болған. Алайда ол көпшілікке ұнап, ойынды үнемі өткізу шешімі қабылданды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Өткен 15 жылда мұнда Ұлыбритания, БАИ және Филиппин азаматтары олжаға кенелген. Ал бұл көрсеткіш бойынша үнділіктер көш бастап тұр. Бұл елдіӊ 17 азаматыныӊ бағы жанып, ұтысқа қол жеткізді.

Жуырда қазақстандық Омар Самаликовтыӊ да жұлдызы оӊынан туды. Ол лотереяныӊ 198-ші тиражыныӊ жеӊімпазы атанды. 0, 5, 2 және 9 сандары арқылы қомақты қаржыға ие болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны