11.02.2015, 14:07 4139

Қазақстан азаматын Армениядан экстрадициялау туралы

Бүгін Бас прокуратура ішкі істер органдарымен бірлесе отырып Қазақстан азаматы Араик Айвазянды Армениядан экстрадициялады, оған ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қызылорда облысыныӊ прокуратура органдары іздеу салған болатын

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Бас прокуратура ішкі істер органдарымен бірлесе отырып Қазақстан азаматы Араик Айвазянды Армениядан экстрадициялады, оған ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қызылорда облысыныӊ прокуратура органдары іздеу салған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

А.Айвазян 2011 жылы құрылыс компаниясыныӊ атқарушы директоры болған кезінде Арал қаласындағы көлік жолдарын жөндеуді орындау барысында 62 501 620 теӊге сомасындағы бюджеттік қаражатты ұрлағаны үшін айыпталып отыр. Тергеу барысында айыпталушы тергеу органдарынан жасырынып қалған және оныӊ тұрғылықты мекенін анықтау ұзақ уақыт бойы мүмкін болмады.

Айвазян 2014 жылғы қыркүйекте Ереван қаласында ұсталғаннан кейін Қазақстанныӊ Бас прокуратурасы белгіленген тәртіп бойынша оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы сұрау жолдаған және армяндық тарап бұл сұрауды ағымдағы жылғы қаӊтарда қолдады.

Қазіргі таӊда Қызылорда облысыныӊ арнайы прокурорлары аталмыш қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны