29.03.2011, 12:37 4757

Қазақстан азаматының Бакуден елге оралуына көмек көрсетілетін болады

ҚР СІМ Изербайжаннан өз отанына қайту үшін қаржылай көмек көрсетілмесе өзін өзі жармақ болып, сес көрсеткен Қазақстан азаматына қол ұшын беретін болды.

Астана. 29 - наурыз. Kazakhstan Today - ҚР СІМ Изербайжаннан өз отанына қайту үшін қаржылай көмек көрсетілмесе өзін өзі жармақ болып, сес көрсеткен Қазақстан азаматына қол ұшын беретін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Акисов деген азамат - дені сау, есі дұрыс. Ол біздің Бакудегі елшілігімізге қалай бару керек екендігін де біледі. Біздің есебімізде де тұрған. Біз оған жаңа төлқұжат рәсімдеуге көмектескен болатынбаз. Аталмыш азамат 2010 жылы Қазақстанға кету үшін есептен шыққан болатын, бірақ бүгінгі күнге дейін елге қайтпаған. Біздің көмегімізден бас тартты",- деп түсіндіріп өтті Kazakhstan Today тілшісіне берген сұхбатында ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ільяс Омаров.

І. Омаровтың айтуынша, Акисов су тасқыны, тоналу, атысқа ұшырау немесе ауруханаға түсу сияқты форс-мажорлық жағдайға түскен қазақстандықтар үшін үкіметтің арнайы "010" бағдарламасына ілікпейді.

"Негізі біз оған ресми түрде көмек көрсетуге тиіс емеспіз. Бірақ Акисов бізге көмек сұрап келсе, біз оған қолдан келген көмектің барлығын жасаймыз",- деді баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетсек, Day.Az агенттігінің хабарлауынша, Бакуде 102 шұғыл желісіне 37 жастағы Қазақстан азаматы қоңырау шалып, оған өз отанына қайту үшін қаржылай көмек көрсетілмесе өзін өзі жарып жіберетіндігін хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны