20.07.2006, 16:43 3048

Қазақстан азаматтары Ливаннан шығарылады

АСТАНА. 19 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан сыртқы істер Министрлігі қазақстандықтарды Ливаннан шығарып алу амалдарын жасауда. Бұл жөнінде СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді.

Е. Ашықбаев, осыған дейін жасалған келісімдерге сәйкес, ресейліктердің жүргізіп жатқан эвакуациялау шаралары қазақстандық азаматтарды да шет қалдырмайтындығын атап өтті.

ҚР СІМ соңғы мәліметі бойынша, Қазақстанның бес азаматы бес баласымен Ресейдің Ливандағы елшілігі автобуысмен Сирияға аттанды. Сәл ертерек үш қазақстандық Сирияға өз беттерінше жеткен болатын, дейді дипломат.

СІМ өкілінің ақпараты бойынша, тағы жеті баласымен бес қазақстандық Ливаннан шығуға әзір, бір азаматша отанына оралудан бас тартқан. Е. Ашықбаевтың айтуынша, Ливанда діни мекемелерде білім алып жатқан төрт Қазақстан студентінің екеуі елге қайтып келген.

Сондайақ, мәскеу уақыты бойынша сағат 18:20, 18:30 және 21:30 Ливаннан Мәскеуге үш ұшақпен 700-ден 1000 жуық адам келеді деп күтілуде. Дипломат, «оларды Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің қызметкерлері қарсы алады, егер қазақстандықтар болса тиісті жәрдем көрсетіледі», деп мәлімдеді.

Е. Ашықбаев, СІМ қызметкерлері қазақстандықтардың туған туыстарымен үнемі байланыста екенін хабарлады. Ливаннан шығарылып жатқан азаматтардың туыстарына толық әрі нақты ақпарат таңертеңнен бастап беріледі.

«Ливанда қалған 20 Қазақстан азаматын іздестіру мақсатында және оларға қолғабыс көрсету үшін елшілік қызметкерлерінен құралған жедел әрекет ету тобы Ливанға аттанады», - дейді СІМ өкілі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны