25.01.2012, 15:08 6035

Қазақстан азаматтары жұмыс орны бойынша тіркеуге тұра алады

Тұрғылықты орны бойынша тіркелуге мүмкіндігі жоқ ҚР азаматтарына енді өздерінің жұмыс немесе оқу орнында тіркеуге тұру мүмкіндігі берілмек.

Астана. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан азаматтары жұмыс орны бойынша тіркеуге тұра алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында Көші-қон полициясы комитеті төрағасының орынбасары Серік Сайынов мәлімдеді.

Тұрғылықты орны бойынша тіркелуге мүмкіндігі жоқ ҚР азаматтарына енді өздерінің жұмыс немесе оқу орнында тіркеуге тұру мүмкіндігі берілмек.

"Кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерінен міндетті тіркелуді талап етіп жатады. Тіркеу саяжай учаскелерінде, тұрғын үйлерде, қызметтік мекемелерде жүзеге асады. Мысалға айта кетсек, егер журналисттің тіркелетін жері жоқ болса, ол редакциямен келісіп, біз оны редакциясының мекен жайы бойынша тіркейтін боламыз. Бұның бәрі халық үшін, осы үдерісті оңтайландыру үшін қолға алынып отыр", - деді С.Сайынов.

Сонымен қатар, оның айтуына қарағанда, алдағы уақытта тіркеуден шығу қажеттілігі сынды мәселе күн тәртібінен алынып тасталады. "Айталық, ХҚКО-ға тіркеуге тұру өтінішімен келген адам бұған дейін тіркеуде тұрған жерінен автоматты түрде шығарылатын болады", - деп түсіндірді КПК төраға орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны