01.09.2009, 18:19 3186

Қазақстан азаматтарынан АҚШ-та жасанды доллар жасады деген айып алынды

Қазақстан азаматтарынан АҚШ-та жасанды доллар жасады деген айып алынды

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан азаматтары Илібек Тайлақов пен Александр Кустовскийден сот АҚШ-та жасанды доллар жасады деген айыпты алып тастады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

І. Омаровтың айтуынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі еліміздің азаматтарына адвокат беру арқылы көмектесті. Судья жігіттерден айыпты алды, қазір олар Қарағандыға үйлеріне қайтуға дайындалып жатыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, АҚШ-та долларды қолдан жасағаны үшін 19 жастағы Илібек Тайлақов пен 21 жастағы Александр Кустовскийді Чатем қаласының тәртіп сақшылары ұстаған.

АҚШ БАҚ-тарының мәліметінше, жігіттерді жалға алған пәтерлерінде қолға түсірген. Тінту кезінде олардан екі компьютер, принтер, бірнеше флеш-тасымалдаушылар, 20 және 100 долларлық 700-ден астам купюралар табылған.

Олар жасады делінген ақшалар жай принтерде А4 форматындағы ақ қағазда көшірмесі басылған, жеке-жеке қырқылып алынбаған доллардың суреттері ғана болып шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны