31.03.2009, 17:23 6626

Қазақстан азаматтығын 12 мыңнан астам адам алады

Қазақстан азаматтығын 12 мыңнан астам адам алады

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан азаматтығын 12 мыңнан астам адам алады. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін осыншама адам Қазақстан халқының санын толықтыра түседі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ақордада бүгін мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚР президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда Қазақстан азаматтығын алуға өтініш берген 12 мыңнан астам адамның материалдары қаралды".

Олардың ішінде біздің мемлекетке ТМД елдерінен және алыс шетелдерден келген қандастарымыз, өзге де ұлттардың өкілдері бар. Комиссия отырысында мемлекеттік хатшы Қазақстан азаматы атанғысы келген адамдардың қатары жыл өткен сайын артып келе жатқанын жеткізді.

Мемлекеттік хатшы еліміздің жаңа азаматтары тәуелсіз Қазақстанның дамуына ғана емес, мемлекетіміздегі халық санының одан әрі ұлғаюына үлестерін қосатынын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны