18.09.2009, 10:09 1374

Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген 16 мыңнан астам адамның өтініштері президенттің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қаралды

Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген 16 мыңнан астам адамның өтініштері президенттің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қаралды

Астана. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақордада кеше мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген 16 мыңнан астам адамның, соның ішінде тарихи Отанына оралған отандастарымыздың сондай-ақ елімізге ТМД мемлекеттері және алыс шетелдерден келген басқа да ұлт өкілдерінің материалдары қаралды.

Кіріспе сөзінде мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі соңғы он жылда қалыптасқан көші-қонның жағымды сальдосы, экономикада сақталып отырған қазіргі уақытша қиындықтарға қарамастан, біздің мемлекетімізде лайықты өмір сүруге, денсаулық сақтау мен білім алуға, бәрінен бұрын, азаматтардың іргелі құқықтары мен бостандығының сақталуына нақты айғақ болып табылатынын атап өтті.

"Бейбітшілік, қоғамдық келісім және болашаққа деген сенім - біздің еліміздің баянды дамуы мен Қазақстан халқының санының одан әрі өсуінің кепілі. Біздің еліміздің жаңа азаматтары өздерінің бүгінгі және болашақтағы жақсы өмір сүруін еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтың стратегиясымен және қызметімен байланыстыратыны айқын", - деп атап өтті Қ. Саудабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны