03.06.2008, 10:07 1409

Қазақстан басшылығы Ресей темір жолдарының басшысымен халықаралық тасымал саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан басшылығы Ресей темір жолдарының басшысымен халықаралық тасымал саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ресей темір жолдары" ААҚ басшысы Владимир Якунинмен халықаралық тасымал саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Иңгіме барысында халықаралық тасымал саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын дамыту, жаңа көлік дәліздерін ашу мәселелерін талқылады", - деп көрсетілген кездесу қорытындысы бойынша дүйсенбі күні таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, мәселе Қазақстан мен Ресей арқылы өтетін Қытай - Еуропа көлік тасымалын ұйымдастыру жайлы болған.

В. Якунин сонымен қатар Н. Назарбаевқа Ресейдің темір жол көлігін реформалау процесі жайында, екі елдің темір жол ведомстволары арасындағы проблемаларды шешуде оға алған жоспары туралы әңгімеледі.

"Қазақстандық әріптестеріммен темір жол көлігі қызметінің барлық жақтары бойынша ынтымақтастықты дамыту мен үшін аса үлкен маңызға ие. Осы тектес деңгейлердегі кездесулер екі темір жол жүйесінің өзара іс-қимылдарының тиімді бола түсуіне ынталандырады", - деді В. Якунин журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны