04.07.2008, 17:02 2924

Қазақстан бірқатар Мыңжылдық даму мақсаттарына мерзімінен бұрын қол жеткізді - ЭКОСОС сессиясы аясындағы елдің баяндамасы

Қазақстан бірқатар Мыңжылдық даму мақсаттарына мерзімінен бұрын қол жеткізді - ЭКОСОС сессиясы аясындағы елдің баяндамасы

Алматы. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ-ның Нью-Йорктегі бас пәтерінде бүгін жыл сайынғы ЭКОСОС сессиясы шеңберінде Бельгия, Чили, Ұлыбритания, Танзания және Қазақстан делегациялары Мыңжылдық даму мақсаттарының орындалуы туралы ерікті ұлттық баяндамаларын таныстырды. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Дәненовтың хабарлағанындай, кейінгі 10 жылда ел тұрғындарының кірісі 6,5 есе, жалақысы 5 есе өсті. Илеуметтік көмектер мөлшері де айтарлықтай өсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

2000 жылдың қыркүйек айында мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі барысында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі бас пәтерінде БҰҰ-ның Мыңжылдық Декларациясы қабылланған. Онда аштық пен кедейлікті жоюға, денсаулықты жақсартуға, ана мен баланың өлімін азайтуға, ер адамдар мен әйелдердің арасындағы теңдікке қол жеткізуге, баршаның бірдей бастауыш білім игеруін қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға және таза ауыз суға және санитарлық қызметтерге қол жеткізуіне бағытталған сегіз нақты мақсат айқындалған.

2015 жылға дейін қол жеткізілуге тиіс нақты көрсеткіштер айқындалды. Н. Дәненов Қазақстанның осындай кейбір мақсаттарды мерзімінен бұрын орындағанын хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар адамдардың санын азайту мақсатын Қазақстан 2004 жылы-ақ орындап қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны