07.09.2006, 12:29 2972

Қазақстан бизнес жүргізу шарттарының қарапайымдық деңгейіне қарай өз позициясын 175 елдің ішінде 20 орынға ілгерілетті - Doing Business 2007 есебі

ВАШИНГТОН. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. Илемдік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының соңғы есебіне сәйкес, Қазақстан бизнес жүргізу шарттарының қарапайымдық деңгейіне қарай өз позициясын 175 елдің ішінде 20 орынға ілгерілетті (Doing Business 2007 есебі). Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Илемдік банктен хабарлады.

Doing Business 2007 есебіне сәйкес, ТМД елдерінің ішінен Грузия жаңартауларымен жетекші орынға шығып, 2005-2006-жылдарда бизнес жүргізуді жеңілдету саласы бойынша әлемдік рейтингтегі жетекші елдердің ондығын бастады. Реформа жүргізген Армения да үлкен реформатор атанды. "Достастықтың 9 елінде 24 реттеу мақсатындағы реформаларды жүзеге асыру нәтижесінде нормативтік және әкімшілік талаптарды орындауда қойылатын түрлі тосқауылдар мен шығындар азайып, оларға жұмсалатын уақыт қысқарды",- делінген құжатта.

"Бизнес жүргізу шарттарының қарапайымдық деңгейіне қарай Грузия биыл үлкен секіріс жасап, рейтингте 75 орынға ілгеріледі. Қазақстанның жағдайы 20 позицияға жақсарды. Аймақтағы лидерлер - Армения (34), Грузия (37) және Қазақстан (62) болды. Ең нашар көрсеткіш Тәжікстан (133) мен Өзбекстанға (147) тиесілі. Ресей тізімнің бел ортасында 96-шы орында, ол Қытайдан 3 орын кейін, Бразилия мен Үндістанның алдында. Украина мен Беларусь әлемдік рейтингте 128 және 129-шы орында, бір-бірін өкшелей келеді.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда тұңғыш несиелік бюро потенциалдық несиегерлер туралы несиелік есептерді бере бастады. "Қазіргі жағдаймен бюрода республиканың ересек тұрғындарының 5,5 проценті туралы мәліметтер жинақтаған. Оларды 29 коммерциялық банк беріпті. Бюрода несиені қайтармағандар туралы келеңсіз ақпаратпен бірге несие өсімін дер кезінде қайтаратын несие алушылар туралы оңды ақпараттар да бар.

Мамандардың пікірінше, ТМД елдерінде "одан әрі ілгерілеушіліктер қажет". Есепте атап көрсетілгеніндей, аймақтағы ең қиындықтар бюрократиялық баяу сауда режимі мен күрделі әрі шытырман салық жүйесіне байланысты. Мәселен, Қазақстанда тауар экспортына 93 күн кетеді және ол үшін 14 құжат болуы керек. Беларусь елінде салық төлемдерін рәсімдеуге 1188 жұмыс сағаты қажет. Бұл елдегі салық төлемдері корпорациялардың кірісінің 186 процентін иемденеді.

Реформалар саласындағы жетекші елдердің ондығына Грузия, Румыния, Мексика, Қытай, Перу, Франция, Хорватия, Гватемала, Гана және Танзания енді. Реформалар аясында кәсіпкерлік іс-қызметті жүргізу мен меншік құқығын қорғау жеңілдетіліп, салық ауыртпалығы азайып, несиелерге қол жеткізу мүмкіндігі кеңейді, импорт және экспорттық операцияларды рәсімдеу құны арзандады. ТМД елдерінен Армения, Изербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Украина тым құрыса бір реформадан жүзеге асырды. Тәжікстанда реформа жүргізілген жоқ, ал Өзбекстанда керісінше бизнесті жүргізу қиындады, делінген есепте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны