11.05.2007, 17:48 2765

Қазақстан "Boeing" және "Airbus" компанияларымен келіссөздерді қайта жандандырмақшы

АЛМАТЫ. 11-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан "Boeing" және "Airbus" компанияларымен келіссөздерді қайта жандандырмақшы. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров журналистерге брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігіне, "Самұрыққа" және экономика министрлігіне әуе компаниясының жеке меншігіне ұшақтарды сатып алу мәселесін зерттеу тапсырылған. Бұл мәселе былтар да қозғалған, жетекші ұшақ өндірушілермен келіссөздер жүргізілді. Биыл бұл жұмыс қайта жаңғыртылады",- деді А.Бектұров. "Біз әуе компаниясы ұшақ сатып алатындай шамаға, жасқа және лайықты мәртебеге жетті деп ойлаймыз",- деді ол.

"Менің болжауымша, үкімет пен компания акционерлері тарапынан бәрі ойдағыдай болған жағдайда, осы жылдың аяғында ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қоюға болады",- деді вице-министр. Сонымен бірге А.Бектұров 2006-жылы "Эйр Астана" әуе компаниясы үшін жеке меншікке алты ұшақ сатып алу жоспарланғанын еске салды. Сауда құны 450 млн долларды құрады. "Біз ол кезде 4,6 млрд теңгеге бюджеттік сұраным жасадық. Бірақ бюджеттің шектеулілігіне байланысты өнішім қарағаттандырылмады",- деді ол.

А.Бектұровтың айтуынша, авинарықтағы ахуал қазір "нашарлап кетті". "Бұл сауда-саттықтың былтыр жүзеге аспай қалуына қазір қатты өкінемін. Уақыт тұрғысынан біз ұтылып қалдық",- деді ол. "Егер тіпті әуе компаниясы ұшақтарды сатып алу туралы шартқа жазда қол қойғанның өзінде олар тек 2010-жылдан кейін ғана келеді",- деді вице-министр.

Бүгінде "Эйр Астана" әуе компаниясында 18 ұшақ бар. Иуе компаниясының акционерлері Қазақстан үкіметі (акциялардың 51%) мен "BAE Systems Ltd" (49%).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны