30.12.2011, 09:39 3693

Қазақстан бойынша қар тазалауға 500 жуық жұмысшы тартылған

Өткен тәулікте үздіксіз қар жаууы мен боран салдарынан бірнеше аймақтардағы жол қатынастары қиындай түсті.

Астана. 30-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан бойынша қар тазалауға 500 жуық жұмысшы тартылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен тәулікте үздіксіз қар жаууы мен боран салдарынан бірнеше аймақтардағы жол қатынастары қиындай түсті.

Дегенмен бүгін таңертең 8.00-де ауа райының жақсаруына орай жолдар ашылды. Тек Ақтөбе облысының Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз автожолының Ембі - Шалқар (91-257 шақырым) учаскесінде ғана қозғалысқа шектеу қойылып отыр, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта "Қазақавтожол" РМК жол қызметі жабылған учаскелерді қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 500-ге жуық жұмысшы мен 487 жол техникасы жұмылдырылды. Шығыс Қазақстанда 83, Ақтөбе облысында 65 тартылды. Өткен тәулікте ең аз техника жұмылдырылған аймақ - Жамбыл облысы. Оған себеп - жауын-шашынның аздығы мен жол жағдайының тұрақтылығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны