28.09.2006, 14:06 2999

Қазақстан даму банкінің басшылығы бұрындары алып келген өлшеуісіз бонустарын мемлекетке қайтармақшы

АСТАНА. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамының басшылығы бұрындары алып келген өлшеуісіз боныстарын мемлекетке қайтармақшы. Бұл туралы "Қазына" қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін парламент сенатының қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұрын ойламсыздықпен өлшеусіз берілген бонустар белгіленген тәртіппен мемлекетке қайтарылады",- деді Қ.Келімбетов. "Бонустар берілген кезде істеген Қазақстан даму банкінің басшылығы бұдан былай "Қазынаның" басқа бөлімшелеріне жұмысқа орналасатын шығар",- деген жорамал айтты Қ.Келімбетов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 19-қыркүйекте Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір айдың ішінде талдау жүргізіп, ұлттық компаниялардағы еңбекақы төлеу жүйесін реттейтін нормативтік актілерді қабылдауды тапсырған болатын. Бұған қоса президент мемлекеттік компаниялар мен даму инстуттарының іс-қызметін обьективті бақылау жүйесін қолданысқа енгізуді тапсырды.

Үкіметке мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдар мен ұлттық компаниялардың басқарушы органдарындағы жалақы төлеу қорын қалыптастырудың біртұтас принциптерін белгілеуге тапсырма берілді. Қызмет этикасын бұзған жекелеген тұлғаларға қатысты министрлер кабинеті тиісті шешім қабылдауға тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысын қадағалау міндеті Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны