16.07.2008, 15:38 1535

Қазақстан делегациясы шағын және орта бизнестің тәжірибесін зерттеу үшін АҚШ-та болып қайтты

Қазақстан делегациясы шағын және орта бизнестің тәжірибесін зерттеу үшін АҚШ-та болып қайтты

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі "Даму қоры" АҚ басқармаларының төрағасы Госман Имрин бастаған Қазақстан делегациясы 7 - 15 шілде аралығында АҚШ-тың шағын бизнес әкімшілігімен (SBA) уағдаластыққа сәйкес Вашингтонда оқу-танысу сапарымен болып қайтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігіне сілтеме жасап.

Тікелей Қазақстан делегациясына арналған SBA семинарларында бизнесті несиелендіру, шағын көлемде қаржыландыру, инвестициялық қызмет, шағын және орта бизнестің халықаралық саудаға қатысуы, on-line қызметтер, шағын бизнесті дамыту орталықтары, әйелдердің бизнес-орталықтары секілді кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өзекті тақырыптар таңдалды. Сондай-ақ, жеке инвесторлардың капиталын орналастыруға арналған инвестициялық электронды желі таныстырылды.

SBA 1953 жылдан бері жұмыс істейді және тәуелсіз үкіметтік аненттік болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны