20.07.2018, 19:04 4928

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ қолдауымен қоғамдық денсаулық сақтаудыӊ 10 негізгі жедел қызметіне бағалау жүргізді

Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорыныӊ орынбасары Жәмилә Баттақова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Қоғамдық денсаулық сақтау саласы халықтыӊ денсаулығыныӊ жақсаруына әсер етеді.

Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорыныӊ орынбасары Жәмилә Баттақова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

"Біздіӊ басты мақсатымыз өмір сүру ұзақтығына әсер ету", - деді ол. Біз еӊ үздік дағдыны, табысты тәжірибені қолға алып, тамақтану мәдениетін өзгертуге қатысты ұсыныстардыӊ ғылыми негіздемесін қалыптастырып, адам өмірі мен іс-әрекетініӊ, аурудыӊ алдын алу шаралары мен денсаулықты нығайту бағытында жұмыс істейміз.

"Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ қолдауымен қоғамдық денсаулық сақтаудыӊ 10 негізгі жедел қызметіне бағалау жүргізді. Ол қадалағау, нормативті реттеу, бағалау, сауықтыру, ауруға қарсы күресу ісінде маман даярлау сияқты шараларды қамтиды", - деп атап өтті Жәмилә Баттақова.

Ол сондай-ақ, аймақтардағы түрлі қызметтердіӊ (полиция, экологиялық бақылау, коммуналдық қызмет) іс-қимылын реттеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі "Сау қала (аймақ)" жобасын әзірлегенін айтты. Бұл өмір сүрудіӊ қауіпсіз жағдайларымен, медициналық қызметтіӊ қолжетімділігімен, дене белсенділігі мен спортпен айналысу үшін жағдай жасау, ауа мен суды ластауды азайту шараларымен қамтамасыз етеді. Ир аймақтыӊ сау университет пен мектеп, аурухана, сау тағамдар мен жұмыс орындарыныӊ көмегімен адам денсаулығы үшін жағдай жасау және оныӊ жолындағы кедергілер мен өзекті мәселелерді анықтау өте маӊызды. Біздіӊ мақсатымыз жергілікті органдарға барынша көмек көрсету.

"Ұлттық желі құру мақсатында "Қазақстанныӊ сау қалалары" брендін танытып, оны жүзеге асыру жолдарын адамдарға жеткізгіміз келеді", - деді Жәмилә Баттақова. Мысалы, көліктерді азайту есебінен жаяу жүргінші жолын, веложолдарды көбейту қоршаған ортаныӊ ластануын бәсеӊдетеді, демек, жоғарғы тыныс жолдары, аллергия, демікпе ауруларыныӊ қаупін едәуір сейілтеді. Автокөлік аз болса, жол-көлік оқиғалары мен жарақаттану, мүгедектік пен өлім де азаяды. Жаяу жүру және дене белсенділігі кезінде денсаулық жақсарады, иммундық жүйе күшейеді, буын, жүрек, өкпе, мұнымен қоса өмірді ұзарту сапасы артады.

Өмір сапасы мен ұзақтығыныӊ кепілі саналатын мақсатты шараларды біздіӊ әрқайсысымыз күнделікті әдет-дағдыға айналдыруымыз керек. Бұл туралы "Казахстанский альянс медицинских организаций" РҚБ басқарма төрағасы Дәулетхан Есімов айтты.

"Жалпы, қоғамдық денсаулық сақтаудыӊ қызметі қоршаған ортаны жақсарту арқылы адам денсаулығын нығайтуға, аурулардыӊ алдын алуға, шылым шегу, алкоголь, қант, тұз, майлы тағамдарды шектен тыс тұтыну сияқты жағымсыз факторларды тоқтату шараларына бағытталған. Біздіӊ мақсатымыз - денсаулықты нығайтудыӊ ғаламдық қозғалысына қатысу, сау болашақтыӊ құрамдас бөлігі саналатын дене белсенділігін арттыру", - деді РҚБ-ніӊ басшысы.

Ол азаматтардыӊ өз денсаулығын күтуде сауаттылығын арттыру қажеттілігіне тоқтады. Көптеген елдерде азаматтардыӊ өмірін құтқару дағдысын білу тек медицина мамандары мен парамедиктерге ғана емес, жұмысы адам өмірін құтқару және қорғау қызметімен тығыз байланысты жеке адамдарға, мысалы төтенше жағдай қызметкерлеріне де міндеттеледі. Курс бағдарламасынан полиция қызметкерлері, педагогтар, күзетшілер мен қоғамдық көлік жүргізушілері де өтуге міндетті. Өлімді 2-4 есе азайтуда және жүрек талмасынан, жол көлік оқиғаларынан, жазатайым жағдайдан жарақат алып, мүгедек болып қалмас үшін шұғыл түрде алғашқы көмек көрсетудіӊ өмірлік маӊызы өлшеусіз.

"Амансаулық" ҚҚ президенті Бақыт Түменова жұқпалы емес ауру көздерінен болатын қатерлерді төмендету үшін әлемніӊ жетекші елдерінде қатерлерді азайту жүйесі - зиянды төмендету тұжырымдамасыныӊ енгізілгені туралы ақпараттандырды. Зиянды төмендету тұжырымдамасы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттыӊ негізгі міндеттерін, оныӊ ішінде 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы тиімді құралдардыӊ бірі болуы мүмкін,- деді Бақыт Түменова.

Баспасөз конференциясына қатысушылар ары-қарай да қазақстандықтардыӊ денсаулығын нығайту және өмір сүру ұзақтығын арттыру бойынша бірлескен жұмыс жалғасатындығы туралы ортақ пікір білдірді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны