19.10.2006, 14:59 3132

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2007-жылы мүшелікке өтуі мүмкін - ҚР индустрия және сауда министрі

АСТАНА. 18-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2007-жылы мүшелікке өтуі мүмкін. Бүгін "Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жолында: бизнестің мүддесі" атты "дөңгелек үстел" барысындағы үзілісте еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына келесі жылы мүшелікке өтуден үміттене ала ма деген журналистер сауалына В.Школьник "сенеміз" деп жауап қатты. Оның айтуынша, "еліміз өз әріптестерін келіссөздер барысында біздің ұстанымымызды қабылдауға көндіре алса", онда үміт іске асады.

Бұл пікірге Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздердегі ҚР арнаулы өкілі, еліміздің индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова да қосылып, "Қазақстан жағы келіссөздерді биылғы жылдың аяғына дейін , немесе, келесі жылдың бірінші жартысында дейін аяқтауға тырысатын болады",- деді.

Өз кезегінде Дүниежүзілік сауда ұйымы хатшылығының бас директорының орынбасары Алехандро Хара жоғарыда аталған сауалға "ұйымға мүшелікке өту мерзімі Қазақстанның өз ішкі заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына қандай жылдамдықпен бейімдейтініне және даулы мәселелер бойынша бірқатар екі жақты келіссөздерді қалай жүргізетініне байланысты".

"Бәрі сіздің Астанада, үкімет пен парламентте болатын оқиғаларға байланысты болмақ. Ол Женеваның қас-қабағына әсте де байланысты емес",- деді ол. "Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі қажет пе деген сауалға мейлінше тез арада деп жауап берер едім",- деді А.Хара.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны