21.05.2009, 13:01 1243

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында Еуропа қоғамының назарын Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерге аудармақ ниетте - Саудабаев

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында Еуропа қоғамының назарын Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерге аудармақ ниетте - Саудабаев

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында Еуропа қоғамының назарын Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерге аудармақ ниетте. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде "Қазіргі Қазақстан және "Еуропаға жол" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Экологиялық зілзалалардан зардап шеккен ел ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында Еуропа қоғамының назарын Орталық Азиядағы және бұрынғы кеңестік кеңістіктегі экологиялық мәселелерге аудармақ ниетте",- деді Қ.Саудабаев.

"Еуропада экологиялық мәселелерді шешудің аса құнды тәжірибесі жинақталған, оны белсенді қолдану қажет. Астана Еуропалық мемлекеттер көшбасшылық жасап отырған қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін толық қолдайды", - деді мемлекеттік хатшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны