01.07.2009, 10:21 1174

Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық ететін уақытта Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің нұсқауларын жүзеге асырмақ ниетте - Назарбаев

Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық ететін уақытта Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің нұсқауларын жүзеге асырмақ ниетте - Назарбаев

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық ететін уақытта Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің нұсқауларын жүзеге асырмақ ниетте. Бұл туралы бүгін Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біз ЕҚЫҰ-ындағы өз серіктестеріміздің назарына Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің нұсқаулары мен шешімдерін мақсатты түрде жеткізіп, ұйымға төрағалық жасайтын мерзімде оларды жүзеге асыруға талпынатын боламыз", - деді Н. Назарбаев.

"Қазақстанның бастамасымен шақырылған Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі қазіргі заманда діндер арасындағы ғаламдық диалогтың ықпалды әрі үйлесімді бөлігіне айналды. Ол айрықша рөл атқарып, рухани көшбасшылар, діндер мен халықтар арасындағы өзара түсіністіктің арта түсуіне септігін тигізуде", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны