25.08.2011, 16:05 4231

Қазақстан электрондық білім беру саласына 136,1 млрд теңге бөлмек

Қазақстан электрондық білім беруді енгізу үшін шамамен 1 млрд доллар жұмсап отыр. Бұл жөнінде бүгін, 25 тамызда, Республикалық педагогикалық форумда Қазақстанның білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.

Астана. 25-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан электрондық білім беру саласына 136,1 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан электрондық білім беруді енгізу үшін шамамен 1 млрд доллар жұмсап отыр. Бұл жөнінде бүгін, 25 тамызда, Республикалық педагогикалық форумда Қазақстанның білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.

"Бұл - білім берудің қарқынды дамып жатқан саласы және Қазақстан бұл істе сырт қалуға мүдделі емес. Осы бағытқа 136,1 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр", - деді министр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биылдың өзінде e-learning пилоттық жобасы 44 білім беру мекемесінде еске қосылмақ.

Бақытжан Жұмағұловтың айтып өткеніндей, "білім берудің мұндай әдісі тұратын орнына қарамастан білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді, ауыл мен қаладағы білім дәрежесін теңестіреді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны