30.11.2006, 18:44 6119

Қазақстан ғылыми зерттеулерге жұмсалатын қаржы көлемін он еседей арттыруға тиіс - Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы

АСТАНА. 30-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан ғылыми зерттеулерге жұмсалатын қаржы көлемін он еседей арттыруға тиіс. Бұл туралы "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ -ның вице-президенті Диас Мырзақожа бүгін Қазақстандағы технологиялық даму басымдықтарын айқындау үшін технолгиялық және маркетингтік зерттеулердің алдын-ала нәтижелерін талқылауға бағытталған "дөңгелек үстелде" пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің небәрі 0,25 проценті ғана ғылыми зерттеулерге жұмсалады. Ал жоғары деңгейде дамыған елдерде бұл көрсеткіш 3 проценттен асады",- деді Д.Мырзақожа. Оның айтуынша, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің нұсқауларына сәйкес ел экономикасы инновациялық деп санау үшін елде ғылыми зерттеулерге Жалпы ішкі өнімнің 3 проценттен кем емес бөлігі жұмсалуға тиіс.

"Илемнің дамыған елдері осы мақсатты көздейді. Қазір Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Польша, Беларусь, Словакия елдерінің алдына шықты. Бірақ экономика саласында біз бұл елдермен деңгейлеспіз",- деді орталықтың вице-президенті. Оның айтуынша, Қазақстандағы барлығы 189 университет пен ҒЗИ-ның небәрі 69 ғана "ғылыми-технологиялық зерттеулерге тікелей үлес қосуда". "Ал кейбір мекемелер тек қағаз жүзінде ғана санатта бар",- деді ол.

Сонымен бірге, Д.Мырзақожаның пайымдауынша, "Қазақстан халықаралық деңгейде танылған ғылыми жарияланымдарына қарай ауыз толтырып айтатындай жетістіктерге зәру". "Жетекші болып табылатын Финляндия, Австралия, Нидерланды, Ирландия және Шығыс Еуропада біздің елімізбен салыстырғанда бір миллион халыққа шаққанда 20-30 есе артық жаңалықтар жарияланады",- деді вице-президент. Оның айтуынша, "беделді ғылыми журналдарға бір жылға жазылу үшін бір институтқа 15 мың долларға дейін қаржы жұмсауға тура келеді. Ал шын мәнінде 20-30 журналға жазылу керек. Бұл жерде мемлекеттің, министрліктердің қолдауы қажет",- деді "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ -ның вице-президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны