24.10.2006, 17:15 3129

Қазақстан халықтары ассамблеясы отандастарға арнап мәлімдеме қабылдады

АСТАНА. 24-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті 12- сессиясына қатысушылар "қазақстандықтарды еліміздің бәсекелестік қабілетін көтеру стратегиясының аясында бәсекеге қабілетті біртұтас қазақстандық ұлтты қалыптастыруға бағытталған саясатты қолдауға" шақырып мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Еліміз дамудың жаңа кезеңіне ден қойды. Күрделі өтпелі кезеңді артқа тастаған Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдерінің санатына қосылу жөнінде алға биік мақсат қойып отыр. Қазақстан халықтарының ассамблеясы бұл мұратты толыққанды қолдаумен бірге оған еліміз жетеді дегенге кәміл сенеді",- делінген құжатта.

Олар барша отандастарымызды "мемлекетіміздің қарқынды дамуына, әлемдегі жоғары деңгейде дамыған елдердің санатына қосылуына, Қазақстандағы әрбір отбасының игілігі мен ортақ отанымыз - Қазақстанның гүлдене түсуі үшін достық пен бірлікті сақтауға өз үлестерін қосуға" шақырды.

"Қазақстанның алдында қазір тұрған жаңаша мақсат-міндеттер еліміздің көп ұлтты халқының топтасуын, қоғам мен азаматтардың береке-бірлікте болуын, қазақстандық отаншылдықты нығайтуды талап етеді",- делінген мәлімдемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны