06.02.2015, 12:24 4518

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылыныӊ туы биікке көтерілді

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған шаралар салтанатты түрде басталды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында бірер минут бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы жылыныӊ туы биікке көтерілді

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған шаралар салтанатты түрде басталды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында бірер минут бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы жылыныӊ туы биікке көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Салтанатты шара "Жастар қоғамдық келісімді қолдайды" атты флэш-мобпен жалғасуда. Кейін барлық қатысушылар этномәдени бірлестіктердегі қолөнер шеберлерініӊ туындыларын "Халық мұрасы" атты көрме-жәрмеӊкесінде тамашалай алады, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Бұл алқалы жиынға ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова, Президент әкімшілігі басшысыныӊ орынбасары Бағлан Майлыбаев, елорда әкімі Иділбек Жақсыбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары Ералы Тоғжанов, Парламент депутаттары, Ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер, спортшылар мен жастар қатысып отыр.

Бүгін Астана, Алматы қалалары мен еліміздіӊ облыс орталықтарында Ассамблея жылына арналған іс-шаралар бастау алды. Бірер уақыттан соӊ Бейбітшілік және келісім сарайында "Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс" атты эстафетаныӊ символы "Тайқазанды" елорда әкіміне табыстау рәсімі өтеді. Кейін бұл символ ел өӊірлерін аралап, Ассамблеяныӊ 22-ші сессиясыныӊ ашылу қарсаӊында Астанаға қайта оралады.

Сондай-ақ бүгін Ассамблея 9 республикалық байқау жариялайды деп күтілуде. Сайыстыӊ қорытындысы ағымдағы жылдыӊ желтоқсан айында ұйымныӊ форумында жария етіледі.

Алдағы шараларға шолу жасайтын болсақ, бүгін кешкі сағат 18.00-де "Алау" мұз сарайында қала тұрғындары мен қонақтары коньки тебуге мүмкіндік алады. Ал мектеп оқушылары болса, баскетболдан турнирге қатысып, бағын сынайды.

Ертеӊ қала алаӊдарында мерекелік концерттер мен спорттық сайыстар ұйымдастырылмақ. Жалпы мұндай шаралар жыл бойы өткізіледі. Ал еліміздіӊ Тұӊғыш Президенті күні 1 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылыныӊ қорытындылары шығарылады деп жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны