04.07.2007, 15:57 2929

Қазақстан халқы ассамблеясының ұстанымын нығайту қазақстандықтарды біртұтас халық ретінде теңдестіруге түрткі болмақ

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан халқы ассамблеясының ұстанымын нығайту қазақстандықтарды біртұтас халық ретінде теңдестіруге түрткі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ассамблея өз қатарынан мәжіліс депутаттарын сайлай бастағанда оның ролі арта түспек, сол себепті мен бұл жайт көп ұлтты еліміздегі достық пен бауырластықты одан әрі нығайтуға қызмет етеді деп сенемін және соның нәтижесінде біз өзімізді біртұтас Қазақстан халқы ретінде теңдестіруге қол жеткіземіз" - деді Н. Назарбаев. "Бірегей бірлестік болып табылатын Қазақстан халқы ассамблеясы дәл осы мақсатта жұмыс істейді деп үміттенемін, біз обьективті түрде оның ролі мен мәртебесін көтеруге тиіспіз", - деді Н. Назарбаев.

"Біз баршамыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, Қазақстан халқы атты бір атаудың астына топтастыратын теңдестіруге қарай барамыз", - деді Н. Назарбаев. "Мәселен, американдықтар жүздеген ұлттардың өкілдерінен құралған, бірақ оларды ешкім де қытайлар, корейлер, орыстар немесе қазақтар деп бөлмейді: АҚШ азаматтығын алдың ба, онда сен - американдықсың". "Бұл мемлекет осылай өмір сүреді. Бұл дұрыс та. Өйткені бір елде бір ғана халық болуға тиіс", - деді президент.

"Біз әрбір адамға өзінің ұлттық ерекшеліктерін, тілі мен мәдениетін сақтап қалуға мүмкіндік беруге тиіспіз. Ал жалпы еліміз аясында алсақ, онда біз - қазақстандықтармыз", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны