19.09.2008, 17:52 4090

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай "Ана тілім - ардағым" атты тіл фестивалі өтеді

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай "Ана тілім - ардағым" атты тіл фестивалі өтеді

Алматы. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, ағымдағы жылдың 20- қыркүйек күні Республика Сарайында "Ана тілім - ардағым" атты тіл фестивалін өткізеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальдің мақсаты - Қазақстан Республикасы "Тіл туралы" Заңының орындалуы және тіл саясатын насихаттау негізінде ағымдағы жыл бойы өткізілген іс-шараларды қорытындылау.

Аталмыш Фестивальға Алматы қаласының әкімі мен оның орынбасарлары, мәслихат депутаттары, аудандар мен қаладағы түрлі мекемелер және басқармалардың, жоғарғы және орта оқу орындарының басшылары, тілжанашырлары, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Халқы кіші ассамблеясы өкілдерінің және т.б. қатысады.

Аталған шара шеңберінде мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту бойынша жарық көрген оқулықтардың, электрондық бағдарламаладың, тілдескіштедің, әр түрлі салалар бойынша сөздіктердің көрмелері ұйымдастырылады. "Жарымжан жарнамалар" атты фотосуреттер көрсеткіші қойылады. Сонымен қатар, осы фестиваль қарсаңында өткізілген Оралхан Бөкей атындағы "Көркемсөз оқу шеберлері", "Мемлекеттік тіл - менің тілім", "Тілдарын - 2008" атты байқаулардың жүлдегерлері марапатталады.

Мерекелік шара Нұрғали Нүсіпжанов, Лаки Кесоглу, Рамазан Стамғазиев "Жігіттер" квартеті, "Қоңыр" тобы, "Заңғар" тобы, Ерлан Рысқали, Жанболат пен Жазира сынды танмал өнерпаздардың концертімен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны