04.05.2010, 10:02 1618

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жалпыхалықтық бірлікті, халықтың достығы мен келісімін нығайта түсті - президент

"Біз ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде баға жеткізгісіз тәжірибе жинақтадық. Бұл ұғымды біздің халқымыздың рухы, бүгінгі мерекенің рухы ретінде ғана атап өтуге болмас. Біздің халқымыздың рухы біз Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап жүргізіп келе жатқан саясаттың негізінде жатыр",- деді президент.

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жалпыхалықтық бірлікті, халықтың достығы мен келісімін нығайта түсті. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаған кезде атап көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент 1 мамырда Астананың ескі алаңында өткен "Алтын бесік" мерекелік іс-шараларына қатысты.

Елорданың тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл мереке жалпыхалықтың бірлікті, Қазақстан халқының достығы мен келісімін нығайта түсетінін атап өтті. Бұл күнді еліміз бойынша үлкен қуанышпен атап өтеді. Мейрам бізге жаңа үміттер мен жарқын көңіл-күй әкеліп, бізге күш-жігер мен сенім сыйлайды.

Мемлекет басшысы кез келген мемлекеттің келешегі оның азаматтарына байланысты болатынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды анағұрлым тығыз топтаса отырып, жаңа бағыттарға бірлесіп қадам басуға, өзара құрмет пен толеранттылықтың дәстүрлі құндылықтарын сақтауға шақырды.

"Біз ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде баға жеткізгісіз тәжірибе жинақтадық. Бұл ұғымды біздің халқымыздың рухы, бүгінгі мерекенің рухы ретінде ғана атап өтуге болмас. Біздің халқымыздың рухы біз Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап жүргізіп келе жатқан саясаттың негізінде жатыр. Бүгінде қазақстандық тәжірибе биылғы жылы Қазақстан төрағалық етіп отырған ЕҚЫҰ бойынша біздің әріптестеріміздің ерекше қызығушылығын тудыруда. Біз келесі жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеміз. Осыдан-ақ Қазақстан басшылығына бүгінде қандай ұйымды басқару сенім тапсырылғанын білуге болады. Біздің қуанышымыз бен мақтанышымыз осы емес пе! Біз өз тәжірибемізді оны зерделегісі келетіндердің барлығымен емен-жарқын бөлісеміз", - деді президент.

Мемлекет басшысы барша қазақстандақтарды мерекемен құттықтап, денсаулық, бақыт және игілік тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны