18.06.2012, 15:39 3155

Қазақстан халқының саны 1-мамырда 16 млн 757 мың адамға жетті

2011 жылмен салыстырғанда Қазақстан халқының саны 6,5%-ға артып, 16,5 млн адамды құрады. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті.

Астана. 15-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан халқының саны 1-мамырда 16 млн 757 мың адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2011 жылмен салыстырғанда Қазақстан халқының саны 6,5%-ға артып, 16,5 млн адамды құрады. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті.

"Ағымдағы дерек бойынша ел халқының саны 2012 жылдың 1 мамырында 16 млн 757 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар - 9 млн 164 мың адам, ауыл тұрғындары - 7 млн 592 адам", - деді И.Смайылов.

Оның сөзіне қарғанда, 2012 жылдың басынан бері ел халқының саны 81 мың адамға артты, ал өткен жылғы ұқсас мерзім өсімімен салыстырғанда 6,5%-ға артты.

2011 жылмен салыстырғанда туу көрсеткіші 2,8%-ға артып, өлім-жітім 4,1%-ға азайған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны