05.12.2012, 14:47 3932

Қазақстан халқының саны қарашада 16,87 млн адамнан асты

Қазақстан халқының саны биылғы қаңтар-қазан аралығында 1,2%-ға артып (203,2 мың адам), 16,879 млн адам болды, деп хабарлады ҚР статистика агенттігі.

Астана. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан халқының саны қарашада 16,87 млн адамнан асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан халқының саны биылғы қаңтар-қазан аралығында 1,2%-ға артып (203,2 мың адам), 16,879 млн адам болды, деп хабарлады ҚР статистика агенттігі.

Бұл ретте Оңтүстік Қазақстан облысының халқы 10 айда 51 мың адамға өсіп, 2 673 млн адам болса, Алматы облысының халқының саны - 31,8 мың адамға өсіп, 1,941 млн адам, Астанада - 30,5 мың адамға өсіп, 773,4 мың адам болды, Алматыда - 19,7 мың адамға өсіп, 1,469 млн адам болды.

Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысының халқының саны 3,4 мың адамға азайып, 580 мың адам, Шығыс Қазақстан облысының халқының саны 0,4 мың адамға азайып, 1,395 млн адам болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны