08.01.2009, 17:08 2998

Қазақстан халқының ұлттық санағын жүргізуге мемлекет 6 млрд теңге бөлді

Қазақстан халқының ұлттық санағын жүргізуге мемлекет 6 млрд теңге бөлді

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан халқының ұлттық санағын жүргізуге мемлекет 6 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Қазақстанның Статистка жөніндегі агенттігінде бүгін өткен баспасөз мәслихатында мекеменің баспасөз хатшысы Динара Жандаева мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Халық санағы халық арасында арнаулы санақшы- қызметкерлердің күшімен сауалнама жүргізу тәсілімен жүргізіледі. "Санаққа қатысатын 50 мыңнан астам адам арнаулы оқу семинарларынан өтеді", - деді ол.

"Қазақстанның Статистка жөніндегі агенттігінің сайтында 8 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Интернет-конференция өтеді, онда әрбір қалаған адам халық санағы жөнінде жан-жақты ақпарат алып, өз сұрағына жауап таба алады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны