03.02.2011, 16:17 4323

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 66 орында

Қазақстан үстіміздегі жылдың қаңтар айында интернет желісінің жылдамдығына және т.б. қатысты тестілеу жүргізілген 167 елдің ішінде 5,44 Mbit/s нәтижесімен 66 орынды місе тұтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 3 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан үстіміздегі жылдың қаңтар айында интернет желісінің жылдамдығына және т.б. қатысты тестілеу жүргізілген 167 елдің ішінде 5,44 Mbit/s нәтижесімен 66 орынды місе тұтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгінгі күнде Oocla - www.netindex.com компаниясының статистикасына сәйкес, Оңтүстік Корея (36,76 Mbit/s), Литва (30,12 Mbit/s), Латвия (26,29 Mbit/s) елдері көш бастап келеді.

ТМД елдерінің ішінде Молдова 23.55 Mbit/s нәтижемен 7 орында, онан кейін Украина (24-ші орын) - 12,68 Mbit/s, Ресей (27-ші орын) - 12,21 Mbit/s, Қыргызстан (65-ші орын) - 5,54 Mbit/s, Беларусь (68-ші орын) - 5,00 Mbit/s.

Ұсынылып отырған талдау нәтижесі бойынша нашар көрсеткіш көрсеткен Өзбекстан (118-ші орын), Армения (126-шы орын), Тәжікстан (134-ші орын).

Ең төменгі нәтиже Боливия - 0,53 Mbit/s, Ливан - 0,47 Mbit/s және Зимбабва - 0,39 Mbit/s.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны