05.04.2012, 12:24 4285

Қазақстан IT даму рейтингісінде Ресейді басып озып, 55 орынды иеленді

INSEAD бизнес-мектебімен бірге дайындалған зерттеулер шеңберінде әлемдік ІЖӨ-нің 100%-ын құрайтын барлығы142 елдегі жағдай қаралды.

Астана. 5-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан әлемдік ақпараттық технологиялардың даму рейтингісінде 56-шы жолға орналасқан Ресейдің алдына шығып, 55 орынды иеленді. ДЭФ есебі форумның сайтында жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, INSEAD бизнес-мектебімен бірге дайындалған зерттеулер шеңберінде әлемдік ІЖӨ-нің 100%-ын құрайтын барлығы142 елдегі жағдай қаралды.

2002 жылдан бастап құрылған рейтингтің бірінші орынын үш рет қатарынан Швеция иемденді. Екінші орыннан Сингапур қайта көрінсе, үшінші орында - Финляндия. Алғашқы ондыққа сондай-ақ Дания, Швейцария, Нидерланды, Норвегия, АҚШ, Канада және Ұлыбритания кірді.

Ақпараттық технологиялардың даму рейтингісін жыл сайын ДЭФ және INSEAD бизнес-мектебінің сарапшылары жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны