29.08.2007, 15:55 3086

Қазақстан ядролық технологияларды таратпау режимін қатаң ұстанады - энергетика және минералды ресурстар министрі

Қазақстан ядролық технологияларды таратпау режимін қатаң ұстанады, деп мәлімдеді бүгін еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. АСТАНА. Қазақстан ядролық технологияларды таратпау режимін қатаң ұстанады, деп мәлімдеді бүгін еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев.

"Қазақстан ядролық технологияларды таратпау режимін қатаң ұстанады",- деп мәлімдеді бүгін С. Мыңбаев Астанада "Ядролық қарусыз әлемге Қазақстан салған жол" атты халықаралық симпозиумда сөйлеген сөзінде.

""Қазақтомөнеркәсібі" Ұлттық компаниясының іс-қызметі еліміздің ядролық технологияларды тек бейбіт мақсатта ғана пайдалануды қолдайтынының айқын дәлелі", - деді ол. Энергетика министрінің пайымдауынша, "қару-жарақ жасауда пайдаланылатын ядролық материалдардың таралу қаупінен құтылудың сенімді жолы - олардың әскери мақсатта пайдаланылуына жол бермейтіндей жағдайға көшіру болмақ".

Осы орайда ол Қазақстанда Алматыда ядролық физика институтының базасында ядролық медицина және биофизика орталығын құру жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаның жүзеге асырыла бастағанын еске салды. "Құрылып жатқан орталық медициналық радиоизотоптарды өнеркәсіптік өндіру, келешегі бар радиофармацевтикалық дәрі-дәрмектерді жасау және сынақтан өткізу, қазіргі заманғы диагностикалық және емдеу әдістемелерін сынақтан өткізу мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін базалық ғылыми-өндірістік кешенге айналуға тиіс",- деді С.Мыңбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны