03.09.2015, 17:45 4100

Қазақстан Қарулы Күштері үшін арнайы операцияларды жүргізудегі АҚШ-тыӊ тәжірибесі өзекті

Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов пен АҚШ Қорғаныс министрініӊ көмекшісі Дэвид Ширдіӊ кездесуі өтті

Астана. 3 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов пен АҚШ Қорғаныс министрініӊ көмекшісі Дэвид Ширдіӊ кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында екі елдіӊ қорғаныс ведомстваларыныӊ өкілдері қорғаныс пен қауіпсіздік, бітімгершілік, әскери білім саласындағы ынтымақтастық, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді даярлау, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудыӊ маӊызды аспектілерін талқылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Америка Құрама Штаттары заӊсыз қарулы құралымдарға қарсы арнайы операцияларды жүргізуде үлкен тәжірибе жинақтады. Бұл Қазақстан Қарулы Күштері үшін көкейкесті болып табылады", - деді ҚР Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.

Жауынгерлік, әсіресе, локальді сипаттағы іс-қимылдарды жүргізудіӊ қазіргі заманғы жағдайларында арнайы операциялар күштерініӊ рөлі мен мәні анағұрлым өсті, оларды қолдану қызметі кеӊейді. Осыған байланысты, арнайы мақсаттағы бөлімшелердіӊ әлеуетін арттыру Қазақстан Қарулы Күштерін дамытудыӊ күн тәртібінде тұр.

Одан басқа, тараптар қазақстандық әскери қызметшілердіӊ АҚШ-тыӊ әскери оқу орындарында оқуын, америкалық әскери білім беру мекемелерініӊ Қазақстанныӊ жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық етудегі қызығушылықтарын, сондай-ақ тәжірибе жинақтау мен оқытудыӊ заманауи әдіснамаларын талқыға салды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны