29.10.2015, 11:56 3503

Қазақстан Қарулы Күштерініӊ 100%-ға тарта офицері аттестаттаудан өтті

Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде офицерлер құрамын аттестаттау аяқталып келеді. Ағымдағы жылдыӊ 1 қарашасына қарай оны толықтай аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таӊда 100%-ға жуық офицер қайта емтихан тапсырудан өтті. Олар тексерістен жақсы өтіп, атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келуін растады

Астана. 29 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде офицерлер құрамын аттестаттау аяқталып келеді. Ағымдағы жылдыӊ 1 қарашасына қарай оны толықтай аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таӊда 100%-ға жуық офицер қайта емтихан тапсырудан өтті. Олар тексерістен жақсы өтіп, атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келуін растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аттестаттаудан сәтті өткен бірқатар офицерді жоғары әскери лауазымдарға ұсыну үшін резервке енгізілді, сондай-ақ 2015-2017 жылдары әскери жоғары оқу орындарына оқуға жолдама алды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазақстанныӊ Қарулы Күштеріндегі аттестаттау міндетті түрде үш жылда бір рет өткізіледі. Оны барлық офицерлер өтеді. Искери оқу орындарыныӊ тыӊдаушылары, аттестаттау өткізілу кезінде оқуды тәмамдаған түлектер, әскери қызметте шекті жасқа жеткендер және жарамсыз немесе шектеулі жарамды болып танылған адамдар, сондай-ақ аттестаттау кезінде алғашқы "лейтенант" әскери атағы, жүктілік, бала күтімі бойынша демалыстағы әйел офицерлер немесе аталған демалыстан кейін қызметке кіріскен кезінде қылмыстық іс қозғалған офицерлер тексеріске тартылмайды.

Қайта емтихан тапсырудыӊ негізгі міндеттері әрбір офицердіӊ кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, әлеуетті мүмкіндіктерін, оныӊ атқарып отырған лауазымға сәйкес келуін анықтау, сондай-ақ жетілдіру мен нығайтуды қажет ететін офицерлер корпусыныӊ "осал" тұстарын айқындаудан тұрады. Сонымен бірге, аттестаттау жаӊа анағұрлым күрделі кәсіби тапсырмаларға әзір әскери қызметшілердіӊ әрі қарайғы мансаптық өсуіне жаӊа перспективалар ашады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны