03.07.2008, 09:51 1605

Қазақстан кәсіподақтары үкіметтен бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеруді талап етті

Қазақстан кәсіподақтары үкіметтен бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеруді талап етті

Қарағанды. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның бюджеттік салаларының кәсіподақтары 1 қыркүйектен бастап бюджеттік орындардың қызметкерлерінің жалақысын көтеруді талап етіп премьер-министр Кәрім Мәсімовке хат жолдады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Александра Мадиярова хабарлады.

Оның айтуынша, үкімет басшысына жолданған хатқа Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Мұқашев қолын қойған.

"Егер 1 қыркүйектен бастап бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысы ұлғайтылмаса, кәсіподақтар жаппай қарсылық акцияларына шығуға дайын", - деп хабарлады А. Мадиярова. Оның айтуынша, бұл талапты кәсіподақ жетекшілері көктемде қойған. Ол кезде олар бүкіл ел аумағында жаппай қарсылық шерулеріне шығуға ниет танытқан. Алайда, А. Мадиярованың айтуынша, Астанадағы үйлестіру кеңесі оларды күте тұруға көндірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны