27.06.2008, 14:40 3041

Қазақстан - кейінгі жылдары адами даму деңгейін біршама көтере алған өңірдегі жалғыз мемлекет - БҰҰ

Қазақстан - кейінгі жылдары адами даму деңгейін біршама көтере алған өңірдегі жалғыз мемлекет - БҰҰ

Астана. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан - кейінгі жылдары адами даму деңгейін біршама көтере алған өңірдегі жалғыз мемлекет. Бұл туралы бүгін БҰҰ-ның Қазақстандағы резидент-үйлестірушісі Хаолянь Шу Қазақстандағы 2007 жылғы Мыңжылдық даму мақсаттары жөніндегі есептің тұсаукесері барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Х. Шудың айтуынша, Қазақстан биыл Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі өзінің үшінші есебін таныстыруда.

БҰҰ өкілі осы орайда "Қазақстандағы тұрақты экономикалық өсім кедейліктің азаюына және республика халқының тұрмыс деңгейінің көтерілуіне алып келе жатқанын" атап өтті.

Сонымен бірге Х. Шудың айтуынша, Қазақстанда бірқатар шешілмеген проблемалар да бар. "Атап айтсақ, республикада қала және ауыл тұрғындарының кірісінің арасында айырмашылық әлі де бар. Сондай-ақ, Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа кіріс көршілес елдермен салыстырғанда 6 - 10 есе жоғары екеніне қарамастан, күтілген өмір ұзақтығы, сәбилер мен аналардың өлімі секілді кейбір әлеуметтік индикаторлар көршілес елдермен деңгейлес, немесе, тіпті олардан да төмен", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны