01.03.2010, 18:20 3205

Қазақстан консулдығы Египетте ұсталған туристерге көмек көрсетуден бас тартты деген ақпарат шындыққа жанаспайды - СІМ

Қазақстан консулдығы Египетте ұсталған туристерге көмек көрсетуден бас тартты деген ақпарат шындыққа жанаспайды - СІМ

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан консулдығы Египетте ұсталған туристерге көмек көрсетуден бас тартты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Еліміздің дипломаттары "Бұл -біздің шаруамыз емес" деп айтты деген "Мегаполис" газетінде жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді І. Омаров.

Оның айтуынша, "Мегаполис" газетінде жарияланған мақалада атап көрсетілгендей, "ұсталған туристер Қазақстан консулдығына телефон соққанымен, ондағылар : "Бұл -біздің шаруамыз емес, проблеманы өздерің шешіңдер" деген-міс". "Мұндай жағдайларда біздің консулдық қызметкерлері ешқашан мұндай жауап бермейді деп нық сеніммен айта аламын. Ақпаратта кіммен сөйлескені, қашан және қандай лауазымдағы қызметкермен әңгіме болғаны ашып көрсетілмеген", - деді І. Омаров.

"Қазір біз тексеру жүргізіп жатырмыз, мұндай әңгіменің болған-болмағанын мен қазір нақты айта алмаймын", - деді ол.

"Бұл, өкінішке орай, шетелдерге шыққан еліміздің туристерінің құқықтық тұрғыда сауатсыздығын паш ететін бірінші оқиға емес", - деді ол.

Оның түсіндіруінше, Египетте туристер "тиісті елге келу құжаттары болмауға байланысты ұсталған".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның Ұлттық тұтынушылары лигасының ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 ақпанында Қазақстанның сегіз азаматын Каир әуежайының қызметкерлері ұстап, себебін түсіндірместен, екі тәуліктен астам уақыт қамауда ұстаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны