05.12.2013, 22:51 6065

Қазақстан құрама командасы Сочиде 8 спорт түрі бойынша өнер көрсетеді

Олимпиада құрамасына кандидаттарды дайындаудың қорытынды кезеңінің жеке жоспарлары бекітіліп, Олимпиада ойындарындағы спорттық нәтижелер индикаторлары мен межелеген міндеттер анықталды.

Алматы. 05 желтоқсан. Kazakhstan today. Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасы Т.Есентаевтың сөзіне қарағанда, ұлттық құрама команда 8 спорт түрі бойынша өнер көрсетеді.

Олимпиада құрамасына кандидаттарды дайындаудың қорытынды кезеңінің жеке жоспарлары бекітіліп, Олимпиада ойындарындағы спорттық нәтижелер индикаторлары мен межелеген міндеттер анықталды.

Қазақстанның олимпиада құрама командасының әлеуеті- шаңғымен жарысу, биатлон, фристайл-могуле, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, сноуборд сияқты 6 спорт түрінен бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ спортшылардың алдына тау шаңғысы спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, шана спорты бойынша да үздік нәтижелер көрсетіп, лицензиялар иемдену міндеті қойылып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны