09.12.2016, 11:30 4433

Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы заӊсыз жолмен тауарлар алып өтуге жасалған әрекеттердіӊ жолы кесілді

Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы Ресей Федерациясыныӊ азаматы 26 килограмнан астам зергерлік заттарды заӊсыз өткізбек болған жерінен ұсталды,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы Ресей Федерациясыныӊ азаматы 26 килограмнан астам зергерлік заттарды заӊсыз өткізбек болған жерінен ұсталды,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Шекара қызметі "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасына қарасты "Құрманғазы-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды шекаралық бақылау жасау кезінде үлкен көлемдегі зергерлік заттарды заӊсыз жолмен алып өтуге тырысқан 34 жастағы Ресей азаматын ұстауға мәжбүр болды.

Жалпы салмағы 26 кг 785 грамм болатын зергерлік заттар Ресей жеріне қарай сапар шегіп бара жатқан азаматтыӊ "Тойота" көлігініӊ ішінен шықты. Зергерлік заттардыӊ ішінде қасықтар, крест, білезіктер, алқа, жүзік жиегі әшекейленген басқа да заттармен қатар жүзік, тигель, мөртабандар тағы да басқа заттар жасауға арналған штамптар табылды. Олардыӊ жалпы саны 6 пакет, салмағы 21 кг 105 грамм болды.

Ұсталған деректер бойынша Атырау облысыныӊ Құрманғазы аудандық ішкі істер органдары хабарландырылды.

Сондай-ақ, Қазақстан - Қытай арасындағы мемлекеттік шекара арқылы заӊсыз жолмен былғары бұйымдарын алып өтпек болған азамат ұсталды.

Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды шекаралық бақылау кезінде 33 жастағы қазақстандық азаматты ұстауға мәжбүр болды.

Оныӊ жүктерін тексеру кезінде ілестірме құжаттары жоқ 73 дана тері және теріден жасалған бұйымдар табылды.

Аталған іске қатысты материалдар "Алтынкөл" кеден бекетініӊ қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны