02.09.2011, 18:23 5023

"Қазақстан" мемлекеттік телеарнасы толығымен мемлекеттік тілде хабар таратуға көшті

Биыл мамыр айында президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан" телеарнасы қыркүйек айынан бастап тек қана мемлекеттік тілде хабар тарататынын айтқан болатын.

Алматы. 2-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазақстан" мемлекеттік телеарнасы толығымен мемлекеттік тілде хабар таратуға көшті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Интерфакс-Қазақстан ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Орыс тіліндегі барлық хабарлар 1-қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатты", - деп жұма күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне осы телеарнаның бұрынғы тілшісі хабарлады.

Биыл мамыр айында президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан" телеарнасы қыркүйек айынан бастап тек қана мемлекеттік тілде хабар тарататынын айтқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны