03.02.2016, 18:29 3478

Қазақстан мен АҚШ Қарулы Күштері әскери ынтымақтастығыныӊ жобасы әзірленді

Астанада Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары Қарулы Күштері өкілдерініӊ кездесуі өтті. Үйлестіруші офицерлердіӊ жұмыс тобыныӊ үш күндік отырысы барысында 2016-2017 жылдарға арналған ҚР мен АҚШ ҚК әскери ынтымақтастығы жоспарыныӊ жобасы әзірленді

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары Қарулы Күштері өкілдерініӊ кездесуі өтті. Үйлестіруші офицерлердіӊ жұмыс тобыныӊ үш күндік отырысы барысында 2016-2017 жылдарға арналған ҚР мен АҚШ ҚК әскери ынтымақтастығы жоспарыныӊ жобасы әзірленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жақын арадағы екі жылда әскери салада қазақстандық-американдық өзара қарым-қатынастыӊ дамуыныӊ негізгі бағыттары бойынша бітімгершілік қызмет, Қарулы Күштерді кәсібилендіруде көмек көрсету, сондай-ақ әскери білім беру болмақ. Осылайша, Қазақстанныӊ оқу орындарында оқыту әдістемелерін жетілдіру, сержанттар корпусын дамытуға жәрдем беру жоспарлануда. Сонымен бірге, тілдік оқыту бойынша жұмыс өз жалғасын табады. Болашақ жоспарда Қазақстан мен АҚШ әскери оқу орындарыныӊ курсанттарымен алмасу да бар. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осы жылы екі елдіӊ әскери байланысы шеӊберінде алғашқы бірлескен іс-шара өткенін айта кеткен жөн. Тұӊғыш рет ҚР Қорғаныс министрлігініӊ Кадет корпусында кадеттерді оқыту әдіснамасын жетілдіру мәселелері жөнінде семинар өтті. АҚШ ҚК Құрлық әскерлерініӊ сержант-майорлары академиясыныӊ нұсқаушы сержанттары оқытушылар және сержанттар құрамымен сабақтар өткізді. Кадет корпусыныӊ 25-ке жуық оқытушысы мен сержанты семинарда сабақтарға дайындалу, топта жұмыс жасау, жоспар-конспектілерді әзірлеу, өзіндік жұмысты ұйымдастыру және үйренушілерді бағалау әдістемесін пысықтады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны